Журнал туралы

"Geography and Sustainable Development"

Баспагер: «Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КЕАҚ

Пошталық мекенжайы: 100024, Қазақстан, Қарағанды қ., Университет көш., 28

Веб-сайт: https://gsd.buketov.edu.kz
E-mail: didar_art@mail.ru

Журналдың мақсаты:

География және тұрақты даму саласындағы өзекті мәселелер бойынша түпнұсқа ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялау, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту, пәнаралық зерттеулердің өркендеуіне ықпал ету, географиялық білімді насихаттау және оны іс жүзінде қолдануды ынталандыру.

Журналдың бағыттары:

Журнал келесі география салалары бойынша түпнұсқа зерттеу нәтижелерін қамтитын толық мәтінді мақалалар, шолулар және есептерді жариялайды:

  • Физикалық география

  • Картография

  • Әлеуметтік-экономикалық және саяси география

  • Геоэкология

  • Географияны оқыту әдістемесі

Бас редактор: Талжанов С.А.
Атқарушы хатшы: Қадырбаева Д.А.
Facebook: https://www.facebook.com/profile.php?id=61583557984334

Журнал рецензияланатын басылым болып табылады. Барлық нөмірлер ашық қолжетімді және оқырмандарға тегін ұсынылады.

Жариялану тілдері: ағылшын, қазақ және орыс тілдері.

Жариялану жиілігі: тоқсан сайын, жылына төрт рет.
№1 нөмір – 30 желтоқсан, №2 нөмір – 30 наурыз, №3 нөмір – 30 маусым, №4 нөмір – 30 қыркүйек.

Жарияланым түрлері:

  • Шолулар (12–14 бетке дейін)

  • Түпнұсқа ғылыми мақалалар (10 бетке дейін)

  • Қысқаша хабарламалар (5–6 бет)

  • Қазақстанның көрнекті ғалымдарына арналған естелік мақалалар

Журналда жарияланбайды:

  • Журналдың бағытына сәйкес келмейтін материалдар мен мақалалар;

  • Бұрын басқа басылымдарда жарияланған материалдар;

  • Журналдың техникалық талаптарына сай ресімделмеген жұмыстар;

  • Қайталанулар, түзетілмейтін орфографиялық, математикалық немесе басқа да қателер бар материалдар, сондай-ақ ғылыми тұрғыда дәлелденген фактілерге қайшы келетін тұжырымдар мен гипотезалар.

Ғылыми еңбектер авторлардың азаматтығына немесе мекемелік тиесілігіне қарамастан жарияланады.
Мақалаларды іріктеу екіжақты жасырын рецензиялау (double-blind peer review) жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Редакцияның мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, 100024, Қарағанды қ., Университет көш., 28/3, 3-ғимарат (Биология және география факультеті)
E-mail: didar_art@mail.ru
Тел.: +7 (7212) 356152

Авторларға арналған нұсқаулық

ОНЛАЙН ЖҮЙЕ АРҚЫЛЫ МАҚАЛА ТАПСЫРУ НҰСҚАУЛЫҒЫ

«География және тұрақты даму» журналына арналған мақалалар география саласы бойынша қабылданады. Журнал жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін қамтиды. Мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.

Мақалаларды тапсыру мерзімдері:

  • №1 нөмір – алдыңғы жылдың 15 қыркүйегіне дейін

  • №2 нөмір – 15 желтоқсанға дейін

  • №3 нөмір – 15 наурызға дейін

  • №4 нөмір – 15 маусымға дейін

Жіберілген мақалаларды қарау және бағалау мерзімі – 60 жұмыс күні.

Жариялануға тек журналдың ғылыми бағытына сәйкес келетін, өзекті, түпнұсқа және ғылыми-практикалық маңызы бар материалдар қабылданады.

Мақалалар онлайн жүйе арқылы қабылданып, рецензияланады:
https://gsd.buketov.edu.kz/geo-and-sustainability/login

Ағымдағы шығарылым

Том 1 № 1 (2025)
					Көрсету  Том 1 № 1 (2025)
Жарияланды: 2026-01-12

Барлық шығарылымдар

Мақалалар

Барлық журнал басылымдарын көрсету