Авторларға арналған ережелер
МАҚАЛАНЫ ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ЖІБЕРУГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
"Geography and Sustainable Development" сериясы журналында мақалалар: жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелері қамтылған география сериясы бойынша –қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.
Мақалаларды қабылдау уақыты: №1 – өткен жылдың 15 қыркүйекке дейін, №2 – 15 желтоқсанға дейін, №3 – 15 наурыз дейін, № 4 – 15 маусымға дейін. Мақалаларды қарау және рецензиялау мерзімі 60 жұмыс күнін құрайды.
Басылымға ғылыми мерзімді басылымның профиліне сәйкес келетін материалдар ғана қабылданады. Олар өзекті, жаңа, ғылыми және практикалық мәнге ие болуы керек.
Мақалалар онлайн-жіберу және рецензиялау арқылы қабылданады:
https://gsd.buketov.edu.kz/geo-and-sustainability/login
Мақаланы рәсімдеу үлгісін жүктеу
Авторлық келісім
Ғылыми мақалаларды плагиаттың бар-жоғына тексеруді журналдың әрбір сериясының жауапты хатшысы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Оқу, ғылыми, дипломдық жұмыстарға, магистрлік және докторлық диссертацияларға, ғылыми жарияланымдарға плагиаттың бар-жоғына тексеру жүргізу туралы Ережеге» сәйкес жүзеге асырады. Ғылыми мақаланың авторы оны журналдардың шығу кестесінде белгіленген мерзімде және ғылыми мақалаларға қойылатын талаптарға сәйкес электронды түрде ұсынады. Ғылыми мақалаларды тексеру (Strikeplagiarism.com сілтеме https://strikeplagiarism.com/en/, «Антиплагиат» http://www.antiplagiat.ru немесе https://www.etxt.ru/antiplagiat/) жүйелерінің көмегімен жүзеге асырылады
Ғылыми журналдарда жариялауға жіберілген ғылыми мақалалар түпнұсқа мәтіннің кемінде 70%-ын құрауы тиіс. Мақала жұмыстың түпнұсқалық стандартына сәйкес келмесе, мақала тексеру актісін басып шығарумен пысықтауға жіберіледі. Мақала түзетілмесе немесе қайта қаралғаннан кейін түпнұсқалық нормаларға сәйкес келмесе, редакция оны жариялауға жол бермеу туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте мақаланың техникалық және библиографияның рәсімделуі бағаланады. Егер мақалаларды ресімдеуге қойылатын техникалық талаптар орындалмаса, олар негізгі қателерді көрсете отырып, қабылданбайды.
Техникалық ресімдеу мен өзіндік ерекшелік сәйкес келген кезде мақала осы тақырыпта кемінде екі тәуелсіз рецензент – ғалымдармен немесе мамандармен рецензиялауға жіберіледі. Мақаланы жариялау туралы шешім оң пікірлер болған және жасалған ескертулерге сәйкес мақалалар өңделген жағдайда қабылданады.
Редакциялық алқа журналдың талаптарына сәйкес келмейтін мақалаларды, елеулі грамматикалық және стилистикалық қателіктері бар мақалаларды қабылдамауға құқылы. Мақаланы қабылдамауға негіз оның жеткіліксіздігі, ғылыми жаңалықтың болмауы болуы мүмкін.
Мақала қабылданбаған жағдайда, редакция бас тарту себептерін талқыламау құқығын өзіне қалдырады. Мақала қабылданбаған жағдайда, бұл мақала редакциялық алқаның қарауына екінші рет ұсынылмайды.
Редакцияға келіп түскен материалдар қайтарылуға жатпайды.
Қолжазбаларға қойылатын жалпы талаптар
Жаңалығы. Ғылыми зерттеу нәтижелерін көрсететін авторлық материал осы материал дайындалған әлеуметтік білім саласының дамуына үлес қосуы тиіс. Оқу-әдістемелік бағыты бар авторлық материалда оқытудың жаңа тәсілдері, әдістері, технологиялары болуы тиіс.
Материалды мазмұндау қисындылыы. Қолжазба мәтіні оқырмандарға зерттеудің мақсаты мен міндеттері, теориясы мен әдіснамасы, автордың ғылыми білімнің нақты саласын дамытуға қосқан нәтижелері мен үлесі түсінікті болатындай етіп құрылымдалуы тиіс. Оқу-әдістемелік сипаттағы материалдарда осы әзірлемені оқу үрдісінде пайдаланудың орындылығының негіздемесі, оның мазмұнының толық сипаттамасы, нақты пәнді оқытуға қосқан үлесінің сипаттамасы болуы тиіс.
Қолжазбаның аяқталғандылығы. Автордың қорытындылары негізделуі тиіс және алдын-ала сипатта болмауы немесе жалпыға белгілі нәтижелерді көрсететін қорытындылардан тұрмауы тиіс.
Мазмұндау стилі. Қолжазба мәтіні академиялық ғылыми стильде және сауатты жазылуы тиіс. Барлық кірме және онша белгісіз терминдер түсіндірілуі тиіс. Пікірлердің екіұштылығынан және негізгі ұғымдарды түсіндіруде көпмағыналықтан аулақ болу ұсынылады.
Мақалада эксперименттік деректерді статистикалық өңдеу әдісінің және осы өңдеудің нәтижелерінің қысқаша (жалпы қабылданған) немесе егжей-тегжейлі (авторлар ұсынған әдістер үшін) сипаттамасы болуы керек. Статистикалық мәліметтер жеткілікті өңделмеген мақалалар жариялауға рұқсат етілмейді.
Мақалаларды рәсімдеу бойынша талаптар
Мақаланың көлемі, библиографияны қоса алғанда, компьютерде терілген мәтіннің 14 беттен аспауы керек (Microsoft Word редакторы), мақаланың минималды көлемі-5 бет.
Қолжазба жиектері: жоғарғы және төменгі - 25 мм, сол және оң - 20 мм; шрифт - Times New Roman, өлшемі - 11 пт; жоларалық интервал - дара; теңестіру - ені бойынша; абзацтық шегініс - 0,8 см болуы тиіс.
Мақала материалы МЖБСТ 7.5-98 «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдарды баспалық ресімдеу» сәйкес рәсімделеді.
Мақаланың құрылымы келесі бөлімдерден тұрады:
- Тақырып (Title): жеке жолмен сол жақ ӘОЖ индексі, авторлар туралы мәліметтер (аты-жөні, мекеменің немесе ұйымның атауы, қала, ел, редакциямен хат-хабар алмасуға жауапты автордың e-mail), мақаланың атауы;
- Аннотация (Abstract):МЖБСТ 7.9-95 «Реферат және аннотация. Жалпы талаптар». Аннотацияның міндетті құрамдас бөліктері: ақпараттылығы (Аннотация көлемі – 150-250 сөз); түпнұсқалығы (мақаланың жаңалығы); мазмұндылығы (мақаланың негізгі мазмұны және зерттеу нәтижелері); құрылымдылығы; қорытынды. Аннотация барлық мақалалар үшін ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде беріледі;
- Кілт сөздер (Keywords): мақалада қолданылған кемінде 8 негізгі терминдер немесе қысқаша сөз тіркестері. Түйінді сөздер ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде беріледі. Аннотация және мақала тіліндегі түйінді сөздерді мақаладағы негізгі мәтіннің алдына орналастырады, аннотацияларды және басқа тілдердегі түйінді сөздерді мақалаға сәйкес библиографиялық тізімнен кейін орналастырады;
- Кіріспе (Introduction): тақырыптың өзектілігін, әзірлену дәрежесін негіздеу (зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттерді қысқаша шолу мүмкін); зерттеу проблемасын тұжырымдау; зерттеу нысаны мен мәнін, мақаланың мақсаты мен міндеттерін сипаттау; оның құрылымының қысқаша сипаттамасы.
- Әдістер мен материалдар (Experimental): зерттеуде қолданылған әдістер мен материалдардың, соның ішінде деректерді жинау, өңдеу және талдау әдістерінің сипаттамасы; іріктеме сипаттамасы (іріктемелік зерттеу қолданылған жағдайда);
- Нәтижелер және оларды талқылау (Results and Discussion): алынған нәтижелерді сандармен, кестелермен, сызбалармен, суреттермен сипаттау және түсіндіру. Өсімдіктер мен фаунаның қысқаша мазмұны туралы мақалалар GBIF-те негізгі ақпарат орналастырылған Data Paper форматында ғана қабылданады;
- Қорытынды (Conclusions): алынған нәтижелер негізінде қорытындыларды тұжырымдау; алынған нәтижелерді осы тақырып бойынша қолда бар нәтижелермен салыстыру; алынған нәтижелердің ғылыми жаңалығы мен практикалық құндылығын бағалау.
- Алғыс(Acknowledgments): зерттеуді қаржыландыру көзі болған жағдайда (гранттар, мемлекеттік бюджеттік бағдарламалар) ол туралы ақпарат көрсетіледі;
- Әдебиеттер тізімі (References): мақалалаық библиографиялық тізім екі рет ресімделеді:
-«Әдебиеттер тізімі»- дереккөздердің түпнұсқа тілінде (қазақ, орыс және басқа да ағылшын тілінде) МЖБСТ 7.1-2003 « Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар және құрастыру ережелері». Кириллица алфавитін пайдаланатын тілдегі дереккөздерге сілтемелер латын әріптерімен трансляциялау қажет (https://translit.ru сайтын пайдалануға болады, ІІМ-ге ұқсас).;
Дереккөздер. Ағылшын тілінен басқа тілдерде жарияланған, транслитерациядан басқа, аударылады, библиографиялық анықтаманың соңында төртбұрышты жақшаның ішінде дереккөздің қай тілде жарияланғаны ([in Russian], [in Kazakh]) көрсетіледі.
- «References» – ағылшын тілінде (Халықаралық библиографиялық стандартқа сәйкес ресімделеді) APA (http://www.bibme.org/citation-guide/APA/book).
Әдебиетке мәтіндегі бірінші сілтеме нөмірі болуы тиіс [1], екінші — [2] және с.с. ретімен. Кітаптан алынған нәтижеге сілтеме жасалған кезде оның әдебиет тізіміндегі нөмірі және (үтір қойылған нүкте арқылы) осы нәтиже жарияланған беттің нөмірі көрсетіледі. Мысалы: [8; 325]. Жарияланбаған жұмыстарға сілтемелер рұқсат етілмейді, интернет көздеріне сілтемелер рұқсат етіледі. DOI бар барлық басылымдар үшін оларды екі анықтамалық тізімде де сәйкес жарияланымнан кейін көрсету міндетті.
- Авторлар туралы мәліметтер (Information about authors):мынадай элементтерді қамтиды: аты, әкесінің аты және тегі; ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі; лауазымы немесе кәсібі; жұмыс орны (мекеменің немесе ұйымның, елді мекеннің атауы); елдің атауы (шетелдік авторлар үшін); электрондық мекенжайы (e-mail).
Мақала бөлімдері өзара келісілуі тиіс, мақала мәтінінен зерттеу гипотезасы (зерттеу мәселесі), зерттеу әдістемесі мен әдісі, зерттеу нәтижелері және олардың зерттеу жүргізілген әлеуметтік білім саласының дамуына қосқан үлесі түсінікті болуы тиіс.
Барлық аббревиатуралар мен қысқартулар, жалпыға белгілі қысқартуларды қоспағанда, мәтінде бірінші рет қолданылған кезде толық жазылуы тиіс.
Мақалада мәтін бойынша сілтемелер бар формулалар ғана нөмірленеді.
Кестелерде, суреттерде, формулаларда символдарды, белгілерді белгілеуде әр түрлі оқулар болмауы тиіс. Суреттер анық, таза, сканерленбеген болуы тиіс. Мәтіндегі суреттер мен кестелерге сілтемелер болуы тиіс.
Мақаланы журналға жіберер алдында материалдардың жалпы орфографиясын, тиісті терминдердің дұрыс жазылуын және жұмыс мәтіні мен сілтемелерді ресімдеуді мұқият тексеру қажет.
Журналда жариялау үшін жұмыс мәтінін ұсына отырып, автор өзі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығына, плагиаттың және туындының қолжазбасына заңсыз көшірмелер алудың басқа да нысандарының жоқтығына, мәтіннің, кестелердің, сызбалардың, көрнекіліктердің барлық кіріктілуін тиісінше ресімдеуге кепілдік береді.
Назар аударыңыз! Ереже бұзу арқылы ресімделген немесе грамматикалық және орфографиялық қателері көп мақалаларды, ағылшын тіліне автоматты түрдегі аударманы редакция қабылдамайды және авторларға оларды мәнін түсіндірмей қайтарады.
Редакция қажет болған жағдайда авторлардан қосымша тәжірибелік деректерді (мысалы, статистикалық өңдеу әдістері, эксперименттердің фотосуреттері, гербарий жинақтарының фотосуреттері және т.б.) сұратуға құқылы.
Бастапқы сын–пікірдің нәтижелеріне қарамастан, дөрекі қателер, ауқымды көшірулер немесе қате дәйексөздер табылған кезде мақала қабылданбауы немесе кез келген кезеңінде қайта қарауға қайтарылуы мүмкін.